Министр доллар бағамына болжам жасады

334
30.03.2022 05:40

Доллар бағамы бірден 10 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 484 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 467 теңге, сатып алу – 473 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 466 болса, сатып алу құны – 472 теңге. Ал ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров АҚШ көк қағазы әрі қарай да арзандай беретінін мәлімдеді. Оның пікірінше, қазір теңгенің нығаю үрдісі байқалып жатыр.