"Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы" кәсіпорнына қатысты тергеу басталды

259
30.03.2022 05:37

«Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы" кәсіпорнына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы  бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді. 18 жыл бұрын осы саладағы жүк тасымалдау қызметі бәсекелестік ортаға берілген. Алайда әлі күнге дейін оң өзгеріс байқалмайды. Жүк тасымалдау үшін рұқсат алу қажет. Қазірде Монополист бірдей келісімдерге әртүрлі шарттар қойғаны үшін айыпталып отыр. Айта кетерлігі, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымына бүгінде теміржол нарығындағы жүк тасымалының басым бөлігі тиесілі.