Шымкентте ер адам әйелінің көңілдесін көшеде өлтіріп кетті

196
30.03.2022 05:31

Шымкентте тапа-тал түсте, көшенің ортасында қанды оқиға болды. Екі ер адам ерегісіп соңы өліммен аяқталған. Оны көрген куәгерлер бәріне қызғаныш себеп дейді. Сөздерінше, күйеуі әйелінің көңілдесін ұстап алған. Қаптаған ел алдында болған жағдай сол маңдағы дүкен камерасына жазылып қалыпты. Қарсы алдындағы адамға пышақ сұққан ер кісі оны қуа жөнеледі. Қансыраған жігіт көшенің арғы бетіне қашқанымен, сол жерде қайтыс болды. Куәгерлер әйелінің көңілдесіне шабуылдады деген ер адам кінәсін сол жерде-ақ мойындаған. Қазір жантүршігерлік жағдайға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды.