Қазақстанда кеңсе қағазы қымбаттады

344
2022.03.30

2021 жылдың қорытындысы бойынша А4 қаптамасының орташа көтерме бағасы 1,5 мың теңгені құрады. 2022 жылғы наурызға қарай бағалар орта есеппен бір мың теңгеге немесе 67%-ға өсті. Қазір ірі жеткізушілер кеңсе қағазының 1 қаптамасын 3 мың теңге көтерме бағамен саудалайды. Бағаның өзгеруі Батыс Еуропадан қағаз шикізатын ағартуға арналған реагенттерді жеткізудегі іркілістерге байланысты және РФ-да кеңсе қағазын өндіру көлемінің қысқаруына орай орын алып отыр. Айта кетейік, елімізде А4 форматындағы қағазды кесу және орау бойынша 2 зауыт жұмыс істейді. Былтыр осы кәсіпорындар 600 мың қаптама қағаз шығарды. Ал еліміз өткен жылы кеңсе қағазының 61 процентін Ресей, 30 процентін Түркиядан сатып алған. Ал 8 пайызын Қытай елінен импорттаған.