Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге арналған жаңа ескерткіш ашылды. Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты №51 мектеп ауласынана қойылған ескерткіш Отан үшін жанын қиған ерлерді жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды. Шара әуелі қан майданда қаза тапқан сарбаздар мен бақилық болған ардагерлері еске алу үшін 1 минуттық үнсіздіктен басталды. Ал ескерткіш 55 жылдан соң қайта жаңғырды дейді демеуші, мектеп түлегі Орынбай Әбдиев.