«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бір жылда 154 жоба жүзеге асырылды

88
10.01.2025 20:52

Нысандардың құрылысы жылдам басталып, уақытылы аяқталуы тиіс. Кемшілікке жол бергендер қызметтік жауапкершілікке тартылады. Осылай деген Түркістан облысының әкімі  «Ауыл – ел бесігі» жобасына қатысты жиында жұмысты дұрыс үйлестіре алмаған басшыларға шүйлікті. Нұралхан Көшеров аталған жобаның атын жамылып, суы, жарығы жоқ аймаққа нысандар салып отырмаңыздар деп, жауаптыларға нақты ұсыныс беруді тапсырды.