ШАЛҒАЙДАҒЫ МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛА МА?

26
03.12.2024 15:41

«Шекарадағы ауылдарда орналасқан мектептерді сақтап қалуға тырысамыз». Бүгін журналистердің сұрағына жауап берген еліміздің оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай деді. Ведомство басшысының айтуынша, республика көлемінде ауыл мектептерінің саны 5 мыңнан асады екен. Оның ішінде шағын жинақты мектептер саны – 2700. Сондай-ақ министр елдімекендердегі мектептердің білім сапасын арттыру жалғаса беретінін жеткізді. Халықаралық зерттеу нәтижелеріне сүйенсек ауыл мен қала мектептеріндегі математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша айырмашылық көрсеткіш 4-5 баллға дейін қысқарыпты.