Кітапқұмарлар үшін жағымды жаңалық! Түркістанда кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл көкейіде жүрген оқулық пен сүйікті шығармасына қол жеткізе алмай жүрген оқырмандарға таптырмас мүмкіндік болмақ. Енді алдағы екі күн бойы ірі баспа үйлерінің туындылары облыс орталығында сатылады.