Мақтаарал ауданында 2030 жылға дейін жалпы құны 94 млрд теңгелік 53 инвестициялық жоба іске асады. Қыруар қаржының басым бөлігі мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталып отыр. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов баспасөз жиынында мәлімдеді. Аймақ басшысы болашақта қолға алынатын жобалардан бөлек, жыл басынан бері атқарылған шаруаларға тоқталды.