Биыл Түркістан облысының басты басылымы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жарық көргеніне тура 100 жыл. Бүгін қалың оқырманы бар қарашаңырақ басылымының ғасырлық тойы аталып өтті. Журналистика саласының жүйріктері мен талай қайраткердің қанатын қатайтқан газеттің қуанышын ортақтасуға алыс-жақын аймақтағы қаламгерлер келді. Ал, өңір басшылығы шығармашылық ұжымға жеңіл автокөлік табыстады.