Әне – міне дегенше қазан айы аяқталып, қыс та таяп қалды. Биыл Түркістанға күз ерте келіп, халықтың бүрсең қағып қалғаны бар. Қазір жылу жүйелері іске қосылған. Соның ішінде білім нысандары да бар. Кейбір мектептер көмірін тасып қамданса, енді бірі газға өтті. Жалпы облыста 1200-ден астам мектеп бар. Оның 720 сы табиғи газбен жылынса, қалғаны әлі көмір жағады екен. Жалпы білім беру мекемелері жылыту маусымына қаншалықты дайын? Шұғыла Ғалиқызы зерттеп көрді.