Елімізде бензин бағасы қымбаттайды деген ақпарат – жалған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты. Министрлер кабинетінің мүшесі жанар-жағармай нарығында жақын арада өзгеріс болмайды деп сендірді. Оның сөзінше, жыл соңына дейін инфляция 8 пайыздан аспауы керек. Ал оған әсер ететін факторлар алдағы уақытта қаралатын болады.