Түркістан облысы-Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасының негізгі донорына айналып отыр. Жыл басынан бері түстіктен теріскейге 567 отбасы қоныс аударды десек, соның 60-70 пайызы Түркістан облысының азаматтары. Нәтижесінде Солтүстікте жабылудың аз-ақ алдында тұрған талай мектеп пен кәсіпорын өз жұмысын жалғастырды. Ал теріскейге көшіп барғандарға мемлекеттен қандай көмек беріледі? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.