3,5 млн теңге айыппұл төлейді

13
14.10.2024 17:08

3,5 млн теңге! Елімізде бұдан былай әскерден жалтарғандар осыншама айыппұл арқалайды. Қала берді, үстінен қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін. 18-ден 27 жасқа дейінгі жасөспірімге шақырту қағазы және sms-хабарламалар келген жағдайда медициналық комиссиядан өтуі шарт. Олай болмаған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Әскери қызметтен жалтарғандарға  1 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Немесе 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе одан айыруға әкеп соғады.