Түркістандық Ибрагимовтер отбасын облыс халқы «Ұстаздар династиясы» атап кеткен. Себебі, бұл әулеттің ұстаздық еңбек өтілі үш ғасырға жуықтаған. Гүлсін Ибрагимова әжей сонау 1944 жылдан бастап қаладағы Хамза мектебінде мұғалім болып бастаған. Содан бері оның ұл қыздары мен немере шөберелері де дәл осы ұстаздық жолын таңдап келе жатыр. Мамандықтың асылын таңдаған әулетпен біздің тілшіміз де тілдесіп қайтты.