Бүгін Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды. Лауазымды орынға Әзімбек Пазылбекұлы жайғасты. Ал бұл қызметті үш жыл бойы атқарып келген Нұрбол Тұрашбеков облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қос лауазым иесіне Дархан Амангелдіұлы маңызды міндеттерді жүктеді. Және алдағы жұмысына сәттілік тіледі.