Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

25
04.09.2024 20:37

Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді. Тарихы зерттеулерде 4 мың жылдан астам тарихы бар ит тұқымының шығу тегі мен дамуы толық қамтылып, қазаққа тиесілі екені бекітілді. Ол үшін Халықаралық кинологиялық федерациясы 100 итті тыңғылықты зерттеп шыққан. Естеріңізге сала кетейік, қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған болатын. Сөйтіп бұл іс 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қарауына алынды. 2 жыл ішінде тазы стандарты бекітіліп, ғылыми зерттеулер жасалынды.