Домбыраны ұшаққа алып кіруге рұқсат берілуі мүмкін

100
2024.09.04

«Әуе компаниялары бортқа қазақтың қасиетті қара домбырасын кіргізбейді. Бұл біздің ұлттық намысымызды қорлау деп түсінеміз. Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай үкіметке елдегі барша өнер қайраткерінің жанайқайын осылай жеткізді. Ал көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің айтуынша, ұшақтарда музыкалық аспаптарды тасу олардың габариттеріне байланысты. Министрлік аспаптарды ұшаққа алып кіру үшін өзгерістер енгізуге дайын екенін жеткізді.