Қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқан

71
01.08.2024 20:24

Түркістан облысында қатерлі ісіктен көз жұматындар азайған. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 33,8 пайызға төмендепті. Дегенмен бұған қарамастан аты жаман дертке шалдыққандар азаймай тұр. Бір қызығы, жауаптылар мұның жағымды көрсеткіш екенін айтып, жұртты таңқалдырды.