Қазығұрт тауы баурайындағы тарихи ескерткіштерді тазартты

124
01.08.2024 20:18

Еліміздің барлық өңірлерінде «Аманат» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда. Бұл акция жаңа экологиялық мәдениетті және азаматтардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Биыл маусымнан бастап партия мүшелері түрлі аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізіп келеді. Науқанға қатысып, туған жерін аялауға үлесін қосып жатқан аманаттықтар қойнауы талай тарихи оқиғалардың куәгері болған қарт Қазығұрт тауын тазалаудан бастады.