Түркі әлемі көз тіккен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 38 күн қалды. 8 қыркүйекте өтетін ашылу салтанатына билеттер 5 тамыздан бастап сатылымға шығады. Билет бағасы 15 000 теңгеден бастап 50 000 теңгеге дейін барады. Ұйымдастырушылар көрермендердің жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылғанын хабарлады. Айта кетейік, дүбірлі додаға 89 елден 2000-ға жуық спортшы қатысады. Астанада спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. 8-13 қыркүйек аралығында іс-шараны тамашалауға 100 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде. Қазіргі таңда жарыс өтетін 7 нысанның үшеуі жөнделіп бітуге таяу.