Париж олимпиадасына кімдер қатысады?

97
10.07.2024 18:09

Санаулы күндерден кейін, нақтырақ айтсақ, 26 шілде күні Франция астанасы Парижде 33-ші жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Жекелеген спорт түрлері бойынша қазақстандық боксшылар ең көп жолдаманы жеңіп алды. Ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда (7 боксшы), ал әйелдер құрамасынан 3 боксшы жалпы 10 боксшы сынға түседі. Одан кейінгі ең көп жолдаманы татами шеберлері жеңіп алды. Онда ерлер 5 салмақта, ал әйелдер 3 салмақта ел намысын қорғамақ. Үшінші орында жеңіл атлеттеріміз 7 спортшы тұр. Өкінішке қарай, биылғы Париж Олимпиадасына ауыр атлетеріміз бен әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз жолдамаға қол жеткізе алмады.