Бүгін Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрін қабылдады. Ақмарал Әлназарова Президентке ведомствоның жұмысы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарлары туралы баяндады. Министр жыл басынан бері инфекциялық аурулардың 21 түрі бойынша, соның ішінде коронавируспен сырқаттану көрсеткіштері төмендегенін айтты. Соның арқасында елімізде кейінгі жылдары адамдардың өмір сүру жасы 75-ке ұлғайған. Баяндама барысында Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2025-2030 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы ақпарат берді.