Былтыр сумен қамту сапасына қатысты 43 мың шағым түскен

75
11.06.2024 16:15

 Республикада ауыз сумен толық қамтамасыз етілмеген 24 қала мен мыңнан астам ауыл бар. Премьер-министр Олжас Бектенов қазір үкіметтің алдында 2025 жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстанды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспары тұрғанын айтты. Ал оған дейін 1 жарым-ақ жыл уақыт қалды. Әкімдіктер сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне қарамастан, ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейті тиіс деді Үкімет басшысы. Ал сумен қамтамасыз ету жұмыстары басым тәртіппен қаржыландырылы керек.