Үш бала абайсызда терезеден құлап кетті

67
14.05.2024 20:57

Қызылорда қаласында бір күнде 3 бала терезеден құлап мертікті. Қараусыз қалған 6 және 7 жастағы бір үйдің екі баласы үшінші қабаттағы балконнан құлаған. Ал, үш жасар бала бірінші қабаттағы терезеден жерге түсіп кеткен. Зардап шеккен бүлдіршіндер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда миы шайқалып, ауыр жарақаттар алған. Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 бала терезеден құлап зардап шегіп отыр. Бұған басты себеп – ата-аналардың салғырттығы. Сонымен қатар, москитті торлар да бала қауіпсіздігіне кепіл бола алмайды, - дейді мамандар.