Пияз арзандап кетті, шаруалар шығынға батып жатыр

73
02.04.2024 20:51

Биыл елімізде пияз өнімі күрт азаюы мүмкін. Өйткені былтыр елімізде 1 млн тоннадан аса өнім өндіріліп, қазақстандықтар оның 320 мың тоннасын тұтынған. Демек, пияздың жалпы қоры ішкі қажеттіліктен үш есе көп. Сондықтан болар, елімізде көкөністің бағасы да тым арзандап кеткен. Бұл шаруалар мен кәсіпкерлерді алаңдатып отыр. 

Былтырғы өндірілген 1 миллион бір жүз мың тонна пияздың 11 пайызы, нақтырақ айтсақ, 107 мың 900 тоннасы - Түркістандық шаруалардың еңбегі. Ал, өңір тұрғындарының бір жылдық қажетттілігі 34 мың тоннадан асады. Биыл жауаптылар аймақта өсетін пияз көлемі 300  гектарға азаяды деп отыр.

АҚТӨРЕ ТҮЙМЕБЕК – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ