Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты

32
12.02.2024 15:15

Желіде бейтаныс ер адамның жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Желі қолданушылардың айтуынша, оқиға 10 ақпанда Щучье қаласында жедел жәрдем көлігіне жанармай құю кезінде болған. Кадрларда фельдшердің бейтаныс ер адам мен жедел жәрдем жүргізушісін ажыратпақ болғанын көруге болады. Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіше, Щучье қаласындағы жанармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісінің денесін жарақаттаған ер адамды анықтаған. Бүгінде Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.