Келер жылдан бастап сұйытылған газ тағы қымбаттайды. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлім етті. Бастапқыда баға 5 теңгеге өседі. Сосын әр жарты жыл сайын қымбаттап отырады. Осылайша елдегі газ тапшылығын жоюға және өндірушілердің шығынын жабуға жол ашады деді вице-министр. Ведомствоның мәліметі бойынша тұтыну көлемін қысқарту үшін автокөліктерге орнатылатын газ құрылғылары да бақылауға алынбақ.