Kaspi Bank ғимаратында адамдарды кепілге алған Әлихан Мурадовқа үкім шықты

38
18.09.2023 15:09

Астанада Kaspi Bank-тегі адамдарды кепілге алған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Әлихан Мурадов кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді. Еске салсақ, атышулы оқиға 18 маусымда елордадағы "Керуен" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы банк филиалында болған еді. Қарулы ер адам 7 тұрғынды кепілге алып, банктің барлық активін мүмкіндігі шектеулі балаларға, жағдайы нашар азаматтар мен мұқтаждарға көмек көрсету қорына аударуды талап еткен болатын. Кепілге алынғандарды босату операциясын сол кездегі Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзі басқарып, күдіктімен жеке сөйлескен. Айта кетейік, операция нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.