Желідегі жазбаның ақыры

118
22.09.2022 03:50

Әлеуметтік желіде пікір жазғаны үшін балталап тастаған. Жаға ұстатарлық оқиға Түркістан облысы, Кентау қаласында болған. Жекеменшік газ құбырын тартатын мекеменің директоры екінші компанияның өкілінен өшін осылай алыпты. Толығырақ тілші тарқатады. 

 

ИСЛАМБЕК МЫРЗАХМЕТ - ЖӘБІРЛЕНУШІ - Ұрып бастады. Есікке ақрай қашпақшы болдым. Бір өзім ғой енді. Екіншісі аяқтан шалып құлатты мына жерге. И екіншісіне айтты балта алып кел деп. Балта алып келген соң отқан жерімде басымнан ұрып жатты. 

Шымкенттен Кентауға жұмыс істеуге келген Исламбек Мырзахмет 12-ші қыркүйек күні өмірге қайта келгендей болдым дейді. Бір өлімнен аман қалған жас жігіт газ құбырын тартатын мекеме директорының инстаграм әлеуметтік желісіндегі бейнежазбасына пікірі үшін балталап тастағынан кейін әлі есін жия алар емес.  Яғни, күдікті 95 мың теңге болатын жұмысын 75 мың теңгеге түсіргенін айтып жарнама таратқан. Бірақ жәбірленуші осы салада жүргендіктен ондай соммаға көгілдір отын құбырын тарту мүмкін емес екендігін айтып, халықты алдап арбамауға  шақырып, пікір жаздым дейді.  Осы жазба қатты тиіп кеткен болар, қарсылас мекеменің директоры мәселені көзбе-көз шешуді айтып, кездесуге келгенінде бірден ұрып, балталап тастаған. 

 

ИСЛАМБЕК МЫРЗАХМЕТ - ЖӘБІРЛЕНУШІ - Өзі жеке маған әлі шыққан жоқ. Ағалары, інілері шығып жатыр. Кешірім бер, болмаса басыңа кірпіш түсіп кетеді. Либо машина қағып кетеді. Либо қалада жүре алмай қаласың. Жұмыс істей алмай қаласың. Қоя сал деп жатыр. Қанша ақша ұсынды? 200 мың теңге ұсынды. Ол ақша реално керек емес маған.  

 

Исламбек Мырзахмет алған жарақаттарымен бірден ауруханаға жеткізілген. Балтаны аяусыз ұрған адам оң білегі мен сол қолын және басын жарақаттаған. Дәрігерлер жәбірленуші көп қан жоғалтқанын айтады. Егер дер кезінде аурухана келмегенде өліп кетуі де мүмкін екен жасырмайды.

АСҚАР ЖҰМБЕКОВ - КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ - Науқасқа шұғыл түрде алғашқы хирургиялық өңдеу жасаланды жараға. Оң білегіндегі жарасы үлкендеу қан тамыры зақымданған.

Исламбек Мырзахмет оқиға болған кезде бірден пагондыларға арызданған. Алайда, осы күнге дейін тергеудің дұрыс жүрмей жатқанын айтып, ызалы. Себебі, оны әбден ұрып балталаған сәтте екі адам болғанын жеткізген. Бірақ қазір тек бір күдіктінің үстінен іс қаралып, оның өзі әлі күнге дейін бостандықта жүргенінен қорқады. Ал, полицейлер сот медициналық сараптама қортындысын күтіп отырғанын айтып, ақталғанан басқа ешнәрсе дей алмады. Күдіктіден елден шықпау керектігі туралы қолхат алыныпты.  

БАҒЛАН ЯНКИН, КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ – Қазіргі таңда, сот-медициналық сараптамасынан кейін, жеңіл дене жарақаты болса ҚР әкімшлік құқық бұзушылық кодексі 71,73 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтыралады. Сот-медициналық сараптама орта дене жарақатын берген жағдайда ҚР қылмыстық іс қозғалады.

Ал, айдың күннің аманында әлеуметтік желіде пікір үшін жас жігітті балталаған азамат қалада емес екендігін айтып, сұқбат беруден бас тартты. Кеңесіндегі хатшы қызда оның жоқ екенін растады. Күдікті барлық жағдайды тергеу мен сот шешетін айтып қысқа қайырды.