Сәби өлімі азаймай тұр

99
22.09.2022 03:42

Елімізде сәбилер өлімі азаймай тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 6 жарым пайызға өсуі байқалады. Әсіресе Қостанай облысы мен Шымкент қалаларындағы жағдай алаңдатарлық.  Көбіне 1000 граммға дейін шала туған, салмағы аз балалар шетінеген деп атап өтті ведомство басшысы. Десек те биыл жарты жылда ана өлім-жітімнің көрсеткіші 2,4 есеге төмендеген. Құрсақ көтерген жандардың қазасына 70 пайыз акушерлік асқынулар мен 30 пайыз соматикалық аурулар себеп болады. Министр медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін акушер-гинекологтар мен неонатолог сияқты тапшы мамандықтарды даярлауға арналған гранттардың саны ұлғаятынын жеткізді. Сондай-ақ министр Аңсаған сәби бағдарламасының жүзеге асуы жөнінде де баяндады. 

АЖАР ҒИНИЯТ – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ  - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Аңсаған сәби арнайы бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны іске асыру үшін 3000 нан астам әйелдер жүкті болып, көптен күткен 2300 бала дүниеге келді. Балалар мен жүкті  әйелдерді оның ішінде қауіпті топтағы балаларды зерттеп қарау және консультация беру үшін принантальдық ультра дыбыстық зерттеу скрининг ұйымдастырудың жаңа стандарттары бекітіліп, 18 ұрықты сақтау ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді прининтальдық скринингпен қамту 6 айдың ішінде 6 пайызға өсті.

Сонымен қатар Ажар Ғиният биыл Қазақстанда дәрігерлердің  орташа жалақысы 420 мың теңгеге жететінін мәлімдеді. Ал, орта медицина қызметкерлерінің айлығы шамамен 235 мың теңгені болды.  

АЖАР ҒИНИЯТ - ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ  - Медицина қызметкерлерінің ынталандыру мақсатында  мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтырдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейде  жеткізу мақсатында жыл сайын арттыруда.