Түркістан полициясы мас хәлде көлік тізгіндеген жүргізушіні ұстады

105
22.09.2022 03:33

Түркістанда мас көлік жүргізушісі ұсталды. Күдікті жол ережелерін бірнеше рет бұзіп, тәртіп сақшыларының көзіне түскен. Полицейлер «Даево - Жентра» маркалы автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның спирттік ішімдік пайдаланды деген күмән туған. Тез арада жүргізілген медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушінің "жеңіл дәрежеде" мас болғаны анықталды. Тиісінше  15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.