Түркістан облысында жастары мен кәрісі қалаға кетіп қаңырап қалған ауыл бар

255
05.08.2022 04:14

Ауылымыз қаңырап бос қалды. Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округіне қарасты Егізқара елді-мекенінің тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Олардың айтуынша ауылдан халық күн өткен сайын көше берсе, елді-мекен статусынан айрылып, мемлекет назарынан таса қалмақ. Тақырыпты толығырақ тілшіміз тарқатады.

Құлымбет қария Егізқара топырағында дүниеге келген. Еңбекке ерте етене араласып, Кеңес одағы кезінде ауылдың әлеуметтік жағдайын көтерген жандардың бірі. Майдантал савхозының бөлімшесі болған ауылда ол кездері 100-ге тарта түтін болған екен. Қазір одан 13-ақ үй қалған.

ҚҰЛЫМБЕТ ІЛИЯСОВ – АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ  -   Біздің ауылда дәл қазір 13 семья бар. Барлығыда малмен айналысады. Егер жолымыз дұрысталса мына тұрған Түркістан халқының тең жартысына жуығын сүтпен етпен қамтамасыз ете аламыз...

Ақсақал айтып өткендей ауыл мал мен егін шаруашылығына өте қолайлы. Жазықта су шығара алмай қиналатын жоңыршқалық алқаптар, жаңбыр суымен-ақ өседі екен. Бірақ, табиғат берген байлықты халық пайдалана алмай жатыр дейді тұрғындар. Себебі, Егізқараны көпшілік білмейді, білседе жарығы мен байланысы жоқ ауылда тұрғысы келмейді.

БЕКЗАТ ІЛИЯСОВ – ШАРУА    -   Біз осында бір атар қойды ұстап отрмыз. 500-дей жылқымыз бар. Бала кезден малдың арасында өскендіктенбе, әйтеуір осы кәсіп жанымызға жақын...

Әзірге ауылдағы жалғыз байланыс көзі үй телефондары. Ал, жарықты тұрғындар күн сәулесінен алады. Егер, тұрғындардың саны қайта артса инфрақұрылым жүргізуге мүмкіндік бар дейді ауыл әкімі. 

ЖАНДОС ДОСБОЛОВ – АУЫЛ ӘКІМІ - Мұнда малға қажет құнарлы шөптің барлығы бар. Жаңадан жол салып жатырмыз. Тас жол. Егер халық саны көбейсе асфальт төсеп беругеде болады.

Қаратаудың қойнауында жатқан ауылда қаңырап қалған шаңырақ көп. Егер соның барлығына халық қайта орналасса, иық тіресе жұмыс істер едік дейді ауыл азаматтары.