«Zhas Project» жеңімпаздары мемлекеттік грантқа айфон алып, кредитін жапқан

344
05.08.2022 04:05

 «Zhas Project» жобасы арқылы қымбат телефон алып, несиесін жапқан.  Бұл дерек конкурстың  өткен жылғы кезеңінде анықталған. Олқылықтың алдын алу үшін ұйымдастырушылар ережеге өзгерістер енгізді. Қолында дайын жобасы бар жұмыссыз жастарға берілетін 1 миллион теңге енді қолма-қол берілмейді. Қатысуға мүмкіндікті Түркістан облысының жастары да иемденді. Белсенділік қалай? Тілші анықтап қайтты 

 

Түркістан тумасы Мақсат Тұрдымұратұлы «Zhas Project» жобасының басталғанын естіп өтінім беруге асықтым дейді. Дайын жобасына қолдау таппай келген оған бұл бастама таптырмас мүмкіндік бермек. Сайысқа онлайн тіркеліп, жастар ресурстық орталығы жанындағы кеңестен бағыт-бағдар алуға келіпті. Бизнес жоспарын да қағаз тізіп үлгерген. Бастысы қоғамға пайдамды тигізгім келеді дейді кейіпкеріміз.

 

МАҚСАТ ТҰРДЫМҰРАТҰЛЫ  - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ -«Мен бұл жобаны жастар ресурстық орталығының парақшасынан көріп қуанып қалдым.Негізгі ұсынарым инфографикалық дизайн курсын ашу. Қазіргі атңда бұл сұранысқа ие, жаңа мамандық десем болады.  Осы байқау арқылы қолдау тапса риза болар едім». 

 

Биыл ережеге бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы уақытқа дейін қатысушылар ақшан бірдестен қолға алса,   енді қаржылай сыйақы бөлініп, кезең-кезеңімен беріледі. Бұл ақшаны негізсіз жұмсайтындарға тосқауыл дейді Орталық коммуникациялар қызметінде  брифинг берген ұйымдастырушылар.  

 ҒАЛЫМ ҚҰРМАН-«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ЗТБ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ - «Zhas Project» жобасының былтырғы жеңімпаздарына ақша қолма қол берілді. Оның соңы не болды? Біреу айфон алды, беруі кредитін жапты. Шынымды айтсам, жобаның нақты қанша пайызға жүзеге асқанын білмеймін. Бірақ қаржыны өз мақсатына жұмсамау фактілері болды. Біз былтыр болған жайттарды ескере келе, биыл ақшаны қолға бермейміз деген шешімге келдік. Биылғы байқаудың ерекшелігі осы. Яғни жоба авторы сметалық құжатта не қажет екенін көрсетеді. Біз сол сметалық құжаттың негізінде ақшасын төлеп береміз». 

Қазіргі таңда бастамаға қатысуға Түркістан облысынан 55 жас қатысуға ниет білдірген. Жастар ресурстық орталығы әр ауданның жастарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осылайша қатысушылар қатарын арттырып, жұмыссыз жастардың санын азайтпақ. Ал қатысушыларға қойылар талап өзгермеген. Бастамаға 63 млн теңге қарастырылған. Қоғам үшін пайдалы жобасы бар үміткерлер 1 млн теңгеден ала алады. Бұл республика деңгейінде ұйымдастырылғанымен, еліміздің жұмыссыз жастар саны көп 4 аймақта ғана қолға алынып отыр. 

АҚҰЛАН ТАСТЕМІР – НҰРСҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ - «Оның ішінде Түркістан, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау бар. Кез-келген адам қатыса алмайды. 6 санат: Жұмыссыз болып тіркелгені керек,  18-29 жаста болуы шарт. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балалар және мүгедектігі бар азаматтар өтінім бере алады. «Алтын алқа», «Күміс» алқалы аналар сұраныс жібере алады».

Айта кетейік, өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады. Тіркелу 26 шілді мен 10 тамызға дейін жалғасады.