Кәсіпкерлік қырандары жобасының үшінші маусымы басталды

174
05.08.2022 04:00

Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасының үшінші кезеңі басталды. Биыл 3-рет ұйымдастырылып жатқан игі іске 208 үміткер өтінім білдірген. Келіп түскен өтінімдер арасынан 7 жоба іріктеліп алыныпты. Бүгін жүзден жүйрік шыққан жас кәсіпкерлер өз бизнес идеяларын таныстыруды бастап кетті.

Бүгінгі жобаға бақ сынап қатысып жатқандардың ең үлкені 74, ал ең кішісі 23 жаста. Үміткерлерге бизнес саласында өз кәсібін дөңгелетіп отырған ірі кәсіпкерлер қолдау білдіреді. Яғни, көңілге қонымды мықты идеялар үшін менторлар тарапынан қайтарымды ақша беріледі.

ҚАЙНАР АБАСОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ - БҰЛ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРАНДАРЫНА 3 ЖЫЛ БОЛЫП ЖАТЫР.НЕГІЗГІ ИДЕЯ МЕН БАСТАМАШЫСЫ ОБЛЫС ӘКІМІ МЕН БАСТАЛҒАН. ҚАРЖЫ БҰЛ ЖЕРДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЕМЕС, ҚАЙТАРЫМДЫ. БІРАҚ ПАЙЫЗСЫЗ. ЯҒНИ, ҚАТЫСУШЫҒА ЫҢҒАЙЛЫ ӘДІСТЕМЕМЕН БЕРІЛЕДІ.ЖОБАНЫҢ ӨТІМДІЛІГІНЕ ҚАРАЙ УАҚЫТЫ БЕКТІЛЕДІ. БІЗ БЕКІТКЕН ЖОБАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ 1 ЖЫЛДАН 3 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІЛЕРІ БАР.

Аталған жоба қатысушыларының бірі Дастан Орынбасаров. Мүгедектігі бар азамат Кентау қаласының тұрғыны. Өзі сияқты тағдырластарына арналған монша салсам деген мақсаты бар. Тіпті 10 соттық жер алып, алғашқы іргетасын қалап қойыпты. Бір ай бұрын жоба туралы есітіп, алғаш рет қатысуға өтініш білдірдім,-дейді үміткер. 

ДАСТАН ОРЫНБАСРОВ – «КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРАНДАРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ҮМІТКЕРІ - МЕН МҮГЕЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН МОНША САЛҒЫМ КЕЛЕДІ. БІЗДЕ КЕНТАУДА 9 МЫҢҒА ЖУЫҚ МҮГЕДЕК БАР. ОНЫҢ 115-І АРБАҒА ТАҢЫЛҒАН.

Бүгін бұдан басқа тағы 6 түрлі жоба ұсынылып отыр. Олардың ішінде медициналық қалдықтарды жоятын цех пен жол плиткаларын шығаратын кәсіпорын бар. Одан бөлек, ветеринарлық және робототехника салалары да тыс қалмаған. Айта кетейік, «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арнамызда алғаш рет  2021 жылы басталған. Осы уақытқа дейін жоба аясында 500-ден астам өтінім қаралған.