Түркістан қаласында қызғалдақтар бүр жарды. Лалагүлдер тұқымдасына жататын бұл гүл - көпжылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қызғалдақтың сұрпы мен түріне қарай гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Көбінесе наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Солайша 20-25 күн тұрады.Оны көріп үлгеру екінің біріне бұйыра бермейді. Түркістан қаласында көздің жауын алатын қызғалдақтарды тілшіміз Қарлығаш Әзіретберген көріп қайтты.