13 жыл бойы қашып жүрген қылмыскер ұсталды

49
12.02.2024

Павлодарда кісі өлтіріп, 13 жыл бойы қашып жүрген қылмыскер ұсталды. Данат Бакибаев Павлодар тұрғынын атыс қаруымен атып өлтіргені үшін 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген. Ал Түркістан облысында полиция 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Жамшид Ахмедовты ұстады. Күдікті Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» шекара бекетінде қамауға алынды. Ер адам Ресей Федерациясының Иркутск қаласында кісі өлтірген.