Бәйдібек ауданында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр

167
05.08.2022

Егін орағы басталғанда жанар-жағар майға жарымай отырмыз. Бәйдібек ауданының шаруалары облыстық фермерлер қауымдастығының төрағасымен кездесуде осылай шағымдарын білдірді. Өңірде биыл егіннің өнімділігі өткен жылдағыдан жоғары. Бірақ жанармай тапшылығы қолбайлау болып тұр. Мәселе шешілсе, дихандар ерте көктемде еккен егіндерін 15-20 күннің ішінде толық орып, қамбасын астыққа толтырып алатынын айтады. 

АСҚАР АХАТАЕВ – «ТОЛЫҚБЕК» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ -Шындығын айтқанда,жанар-жағармайдан мұқтаждық болады.басқа ештеңеден мұқтаждық болмайды. енді мынау қосалқы бөлшектерді реттейтін қазақстанның өз арнайы  зауыттары болмағаннан кейін ,шетелден келеді екен. біз оның ешқандай экономикаға тура келмейтінін түсінеміз. енді барынша қолдан келгенше өзіміз сатып алып жұмыс істеп жатырмыз.