Ресейлік тауарлардың бағасы қымбаттауда

146
19.05.2022

Ресейден келетін құрылыс материалдарының бағасы шарықтап барады. Әсіресе, металл өнімдері, мысалы,  сымдар ай сайын 8-10 пайызға өсіп отыр.  Осылайша жыл басынан бері құрылыс заттары  екі есе қымбаттаған. Отандық өнім де арзан емес. Мәселен, цемент, кірпіш және шлакоблоктар 30 пайызға қымбаттаған. Бағаның шарықтауына маусымдық сұраныстың артуы да әсер еткен. Мамандар баға күзде ғана тұрақталуы мүмкін деп болжап отыр. Қалыптасқан жағдай тұтынушылардың қалтасына ауыр тиері анық.