Бір жылда 198 мектеп салынған

9
18.06.2026

Былтыр елімізде әлеуметтік саланы қаржыландыруға республикалық бюджеттен 9,3 триллион теңге бөлінген. Осы қаражатқа ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысаны салыныпты. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, үкімет өткен жылы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық орындаған. Атап айтар болсақ, өңірлерді қолдауға 7,7 триллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, 10 мыңнан астам студентке арналған 30 жатақхана салынған. Тұрғын үй саласында да серпіліс бар. Айталық, былтыр 5200-дей аз қамтылған отбасы баспаналы болған.  Министр әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.