Еліміздегі алып сауда үйлері мен ірі ойын-сауық орталықтары үлкен дағдарыстың алдында тұр. Мәжіліс депутаттары осылай деп дабыл қақты. Халық қалаулыларының сөзінше, бұл мәселенің тамыры тек салық жүктемесінде ғана емес. Қазір бүкіл әлемде қарқын алған онлайн-сауда мен халықтың сатып алу қабілетінің өзгерген. Дегенмен, бұл алаңдаушылыққа қарама-қарсы ресми статистика да бар. Елімізде сауда орталықтарының саны бір жылда бір жарым есеге, ал осы салаға бағытталған инвестиция көлемі 75 пайыздан астамға артқан. Демек, нарықтағы бәсеке әлі де жоғары. Ендігі мәселе — алып орталықтардың жаңа заман талабына бейімделе алуында. Депутаттардың пайымдауынша, бұл нысандардың банкротқа ұшырамауы үшін мемлекет тарапынан жүйелі қолдау қажет.
️