Халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

16
16.06.2026 19:30

Ел намысын қорғауға дайын жас сарбаздар халықаралық дода алдында қызу дайындық үстінде. Биыл Ақмола облысының Щучинск қаласында өтетін дәстүрлі «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынына 53 команда қатысады. Ауқымды додаға Қазақстанның барлық өңірінен іріктелген жасөспірімдермен қатар, шетелдік командалар да бақ сынамақ. Қатысушылардың бірі Сағынтай Сағынбек өткен жылғы жеңісінен кейін биыл да үлкен үмітпен келгенін айтады.