Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

16
15.06.2026 19:30

Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 377 бизнес-жобаға қолдау көрсетіліп жатыр. Олардың жалпы құны 58 млрд теңгеден асады. Барлық кәсіпкерлік нысан іске асқан жағдайда 3 мыңнан аса жұмыс орыны ашылмақ. Жыл басталғалы бұл жобалардың 78-і іске қосылған. Кәсіпкерлік саласына 9 жарым млрд теңге инвестиция тартылған. Саладағы өзекті мәселелерді талқылаған жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвестиция тарту қарқынын ілгерілетуді тапсырды.