Вакцинадан бас тартатындар көбейді

16
17.06.2026 19:30

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде вакцинация жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады. Соған қарамастан, екпеге күмәнмен қарайтындардың қатары азаймай тұр. Елімізде  биылдың өзінде 25 мыңнан аса азамат вакцинадан  өз еркімен бас тартыпты. Бұл соңғы тоғыз жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жұрттың жаппай екпеден қашуына не себеп? Әріптесім Шұғыла Ғалиқызы зерттеп көрді.