Теміржол желілерін биыл іске қосуды тапсырды

15
16.06.2026 19:30

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жаңадан салынған теміржол желілерін биыл іске қосуды тапсырды. Оған қоса,  инфрақұрылымды дамытудың келесі кезеңіне дайындалу қажеттігін айтты. Тіпті, қаржыландыру көзін беліглеп, техникалық құжаттаманы әзірлеуге дереу кірісу керек деді. Бұл еліміздің Еуразия кеңсітігінде көлік-логистикалық хабқа айналуына мүмкіндік бермек. Осының арқасында 2040 жылға қарай шойынжол арқылы тасымалданатын транзиттік жүктер 100 млн тоннаға жуықтамақ. Үкімет басшысы әсіресе Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Дарбаза-Мақтаарал», «Мойынты-Қызылжар» желілерін аяқтау керектігін жеткізді.