Әлеуметтік үйге бөлінген 211 млн теңге заңсыз жұмсалған

14
02.06.2026

Көкшетауда баспанаға мұқтаж жандар тағы да пәтерсіз қалуы мүмкін. Үй кезегін сарыла күткен әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйдің құрылысынан шу шықты. Осыдан үш жыл бұрын, яғни 2021 жылдың желтоқсанында қалалық құрылыс бөлімі мен «Айдана-ИК» серіктестігі арасында ауқымды келісімшарт жасалған. Құны 1 миллиард теңгеден асатын жоба бойынша көпқабатты үйлер бой көтеріп, мұқтаж отбасылар жаңа пәтердің кілтін алуы тиіс болған. Алайда, үйді салып беруге уәде еткен мердігер халық қаржысына қол сұғып, жеке басының қажетіне жұмсаған. 

 

ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ

 

Мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттарды ұсынған. Кейін тапсырыс беруші тарапынан ЖШС-не 211 млн теңге көлемде қаражат аударған. Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған. Нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмеген. Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған. Күдікті қамауға алынды. Тергеп-тексеру жалғасуда.