Ұлттық ұланда әскери борышын өтеген әрбір 10-шы сарбаз келісімшарт негізінде қызмет етуді қалайды. Биыл 700-ге жуық жас сарбаз мерзімді әскери қызметтен кейін әскери мансабын жалғастыруға шешім қабылдаған. Ал, Елордадағы 5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген 100 сарбаз келісімшарт негізінде қызметте қалмақ. Бұл жастардың әскери қызметке деген қызығушылығының артып келе жатқанын, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуға ұмтылып отырғанын көрсетеді. Алдағы уақытта ұландық сарбаздар жауапты лауазымдарға тағайындалып, жеке құрамның қызметін жетілдіруге атсалысады.
ЖАСҰЛАН ҚЫЛЫШБЕК 5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІНІҢ КОМАНДИРІ
Алғаш әскерге яғни 5573 әскери бөлімшесіне келгеннен бастап осы кезге дейін ойымда болған болатын. Келісім шарт бойынша осында қалып, Ұлттық ұланда өзімізді көрсете білсек деген мақсатпен. Қазіргі таңда толыққанды тексерістен өтіп, комиссияға кіріп, ендігі қалғаны әскери шенімізді алып қызметке кірісу.
️