Дербісектегі дау сотта қаралуда

12
02.06.2026 20:22

Ширек ғасыр бойы жұртты дүрбелеңге салған Дербісектегі судың дауы басылатын емес.  Ауылдағы стратегиялық маңызы бар су ұңғымасын пайдаланып келген кәсіпорынға қатысты бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, іс сотқа жетті. Прокуратура мен уәкілетті органдар заң талаптарының сақталмағанын алға тартуда. Ал тұрғындар болса, ауызсу мәселесінің түбегейлі шешілуін талап етеді.

 

Даудың өзегі – «ТП-32» су ұңғымасы. Ресми деректерге сәйкес, кәсіпорын санитарлық-қорғау аймағына қатысты міндетті құжаттарды рәсімдемеген. Сонымен қатар су пайдалану лимитін асырғаны және екі су құбыры желісіне есептеу құралдарын орнатпағаны анықталған. Осы деректер негізінде әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынған. Қазіргі таңда жер телімінің заңдылығына қатысты мәселе сотта қаралып жатыр.

 ДӘУЛЕТ АРТЫҚБАЙ - ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

 

 

(Заң талаптарының бұзылғаны, анықталған фактілер және сот процесі жөніндегі пікір)

 Мәселенің екінші жағы – халықтың алаңдаушылығы. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеүндеулерде тұрғындар су көзінің тағдырына қатысты өз наразылықтарын білдіріп, ұңғыманың мемлекет меншігіне қайтарылуын сұрауда. Олардың айтуынша, ауыл халқының мүддесі кез келген коммерциялық мүддеден жоғары тұруы тиіс.

 

ГҮЛЧЕХРА СЫБАНҚҰЛОВА - АУЫЛ БЕЛСЕНДІСІ 

 

ДӘУРЕН НИШАНБАЕВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 

Ресми мәлімет бойынша, бүгінде Дербісек ауылында ауызсу тапшылығы жоқ. 18 мыңға жуық тұрғынның басым бөлігі орталықтандырылған жүйеге қосылған. Су коммуналдық мекеме мен резервтік ұңғыма арқылы берілуде. Дегенмен тұрғындарды толғандырған негізгі сұрақ – заң бұзушылықтар анықталған нысанның әрі қарайғы тағдыры.

 

ЫРЫСБАЙ ОМАРХАНОВ - АУЫЛ БИІ 

Мамандардың айтуынша, қандай шешім қабылданса да, ең алдымен халықтың ауызсуға деген құқығы қорғалуы тиіс. Ал көп жылдан бері дау тудырған ұңғыманың мемлекет меншігіне өте ме, әлде өзге шешім қабылдана ма – оған соңғы нүктені сот қояды.