Қарулы Күштер қатарында жауынгерлік дайындықпен қатар, ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген сарбаздар аз емес. Солардың бірі — Шымкент қаласының тұрғыны, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Полатбек Теміров. Темірдей тәртіпті ұстанатын ол Отан алдындағы борышын өтеуге өз еркімен аттанған. Полатбек 2022 жылдан бері толайым табыстарға қол жеткізді. Мәселен, 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел біріншілігінің төрт дүркін күміс және төрт дүркін қола жүлдегері атанды. Бүгінде әскери өмірдің қатаң режиміне бейімделген бозбала, шынығу жұмыстарын казарма қабырғасында да тоқтатқан емес.
ПОЛАТБЕК ТЕМІРОВ САРБАЗ
Әскерге келгенге дейін пауэрлифтинг спорт түрімен кәсіби түрде айналыстым. Қазіргі таңда әскери борышымды өтеп жүріп, спортпен айналысуға барлық мүмкіндікке ие болып отырмын. Мемлекет тарапынан қажетті жағдайлар жасалған. Әскери қызметімді аяқтағаннан кейін де спорттағы кәсіби мансабымды жалғастыру жоспарымда бар. Әскерге барудан қорқып жүрген жастарға айтарым алаңдамаңыздар. Әскери өмірдің де өз тәртібі мен артықшылықтары бар. Мұнда қорқатындай ештеңе жоқ.
️