Түркістан облысында соңғы уақыттары тым жиілеп кеткен жауған жауын-шашын жасанды жаңбырға ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы жауапты мамандар ресми мәлімдеді. Олардың айтуынша, өңірдегі ауа-райының құбылуы табиғи үрдістерге байланысты. Ал Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан жасанды жаңбыр жобасы құрғақшылықпен күресуге бағытталған пилоттық бастама. Оның негізгі мақсаты құм көшкінін тоқтату, топырақтағы ылғалды сақтау және су ресурстарын тиімді басқару. Осы уақытқа дейін Созақ ауданы мен Қызылқұм аймағында бірнеше тәжірибелік сынақ жүргізілген. Мамандардың айтуынша, қолданылатын реагенттер белгілі бір аумақты ғана қамтиды. Айта кетейік, жоба халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асуда және толықтай Біріккен Араб Әмірлігі қаржыландырып отыр.
ҚАЗЫБЕК БЕДЕБАЕВ – «ТҰРАН СУ» ШЖҚ МКК БАСШЫСЫ
Біздің өңірді таңдаған себебі, соңғы жылдары жауын-шашын аз болып, су қоры азайып, шөлейтті жағдайға айналып бара жатқанына байланысты. Склейка Жалпы бұл жасанды жаңбыр деген белгіленген аумаққа ғана болады. Былай айтқанда диаметрі 5 шақырым ғана құрайды. Склейка Екі елдің ынтымақтастығының арқасында жәрдем және оқу-жаттығу үйретіп жатыр бізге.
️